Еуроодақтың санкция бойынша арнайы уәкілі Дэвид О'Салливан Қазақстанға келеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2026 жылғы 17-18 наурызда ЕО санкциялар жөніндегі арнайы елшісі Дэвид О’Салливан Қазақстанға сапар шегеді. Сапар барысында қазақстандық ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер жоспарланған», – делінген ЕО-ның Қазақстандағы елшілігінің хабарламасында.
Қазіргі уақытқа дейін О’Салливан Қазақстанға төрт рет келген. Бірінші сапар 2023 жылғы қарашада, екіншісі – 2024 жылғы сәуірде, үшіншісі – 2024 жылғы маусымда, төртіншісі – 2025 жылғы қаңтарда өткен. Содан кейінгі бесінші сапар 18-19 қараша 2025 жылға жоспарланған еді, бірақ оның кейінге шегерілгені айтылды.
Новости по теме
