“Қайрат” футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 1XCLUB арнасына 2025 жылғы маусымның қорытындысы мен клуб трансферлері туралы эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Уразбахтин жаңа ойыншылардың командаға бейімделуі, клубтың 2026 жылғы маусымға дайындығы туралы айтып, алдағы маусымның оңай болмайтынын атап өтті. Бас бапкердің сөзінше, команданың басты жұлдызы Дастан Сәтбаев 18 жасқа толған соң жазда клубтан кетіп, Лондонның “Челси” командасына ауысуы мүмкін.
“Қайрат” ҚПЛ-дегі алғашқы матчын қонақта 7 наурызда “Алтай” клубына қарсы өткізеді. Ал алғашқы үйдегі ойыны 16 наурызда “Ақтөбе” командасына қарсы болады.
Новости по теме
