Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге айыппұл салынды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NIiaQHMKLIWwhfBIddIPOgkTTrhZZ9SapJdl8R5D.webp

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясына нормадан тыс эмиссиялар фактісі бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Экология департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тексеріс нәтижесі бойынша 2024 жылы компания атмосфералық ауаға 13,84 тонна белгіленген нормадан артық шығарындылар және 0,05134355 тонна белгіленген нормадан артық сарқынды су төгінділеріне жол бергендігі анықталған.

«Аталған фактілер бойынша «КПО Б.В.» компаниясы экологиялық кодекстің 39, 106, 202 және 216 баптарының талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 328 бабының 1 және 2 бөліктерімен жалпы сомасы 2 077 749,9 мың теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта айыппұлды өндіріп алу шаралары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

Департамент нормативтен тыс шығарындылар мен төгінділердің себептерін талдау жүргізуді, сондай-ақ нормативтен тыс эмиссияларды болдырмауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге нұсқама берген.

Комментарии