Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясы, Минаб округінде орналасқан «Шаджаре Тайебе» қыздар бастауыш мектебінде қаза тапқандар жерленді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, қаралы рәсімге көп адам жиналған. Жерлеу сәтінен түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде таралуда.
Кей БАҚ беттерінде 171 қабір қазылғаны туралы ақпарат тараған.
Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі елдің оңтүстігіндегі мектепке жасалған шабуыл салдарынан 160-қа жуық адам қаза табуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Қаза болғандар арасында оқушылар бар.
Новости по теме
Пилотный проект "Вклад в развитие масштабирования здорового питания" реализуется в Акмолинской области