ШЫҰ Таяу Шығыстағы ахуалға пікір білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K3SV0gTnTT68G5OwZBfwrxdnoDfhLg7ANav0xYcN.webp

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Ирандағы жағдайға байланысты ортақ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ШЫҰ Таяу Шығыстағы күш қолдануды және Иранға қарсы әскери соққыларды жол беруге болмайтын әрекет деп атады.

Ұйымға мүше елдер аймақтағы қайшылықтарды тек бейбіт жолмен реттеуді қолдайтынын жеткізді.

“ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Иранның егемендігі, қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтеді. Барлық тараптарды ұстамдылық танытуға және жағдайды ушықтыруы мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырады”, – делінген ұйымның хабарламасында.

Сонымен қатар ШЫҰ БҰҰ шұғыл түрде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қатердің алдын алу үшін нақты шаралар қабылдауға үндеді.

Ұйым өкілдері шабуыл салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Иран үкіметі мен халқына қолдау білдірді.

ШЫҰ-ға Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан, Ресей және Тәжікстан елдері мүше.  

Комментарии