Министрлік Ирандағы қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YoVmHFwpnNAsW0TBE0pHm4PstzOsHfuuuQhuMCS8.jpg

Сыртқы істер министрлігі Иран аумағында жүрген қазақстандықтарға жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Таяу Шығыс өңіріндегі геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Иран аумағында уақытша немесе тұрақты негізде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қажеттігі ескертіледі»,- делінген хабарламада.

Осыған байланысты СІМ төмендегі ұсынымдарды қатаң сақтауды сұрады:

- адам көп жиналатын орындарға барудан және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту;

- жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау;

- қажетсіз сапарларды шектеу;

- жеке құжаттарды әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру;

- туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болу;

- Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанның  Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін іске қосқан.

Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы Елшілігі:

Елшіліктің кезекші телефоны: +98 21 2256 5933

Мобильді телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672

Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы:

+98 912 298 0350 (ұялы телефон);

+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);

+7 701 771 34 01 (WhatsApp).

Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы:

+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp).

Аталған байланыс арналары арқылы азаматтар консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.

«Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарап, сабыр сақтауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз. Сондай-ақ Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау мақсатында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз»,-деп толықтырды министрлік.

 

Комментарии