Пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

93
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JpFCQXLXESYS8ugrdWmw73tp1ZyhrqCUIhaY8sBX.jpg

 Қарағанды облысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Адырна".

Криминалдық полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 35-39 жас аралығындағы 3 ер адам ұсталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер алдын ала сөз байласып, қылмысты нақты жоспарланған схема бойынша жасаған. 

Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Комментарии