ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/85V3IEPZz9Xt7gyScNBeebMXzhqHjELy9lEbp2OG.webp

Ұлттық қауіпсіздік комитеті стендап-әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі "Нұрлан Сабуров жеке әскери компанияның (ЖӘР) ресейлік жалдамалыларына демеушілік етуге қатысты" деген желідегі ақпаратқа түсініктеме берді.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті сіздің өтінішіңізді қарап шықты. Ақпарат тіркелді және тексеріс жүргізілуде", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Соңғы күндері желіде Сабуровтың ресейлік әскери қызметкерлерге материалдық көмек көрсетті деген бейнематериалдар тараған. Бұған дейін танымал қазақстандық комикке Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Шешім «ұлттық қауіпсіздік мүддесі, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау» негізінде қабылданғаны айтылған.

Әзілкеш Внуково әуежайында, Дубайдан оралғаннан кейін тоқтатылған. Ол тегін депортациядан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған. 7 ақпан күні таңертең Алматыға келген. Оның артынан «Что было дальше» шоуының тағы бір жүргізушісі Алексей Щербаков та ұшып келген.

Заңгер Александр Хаминскийдің айтуынша, Сабуров Ресейге кіруге салынған тыйымды ресейлік саясатқа қатысты ұстанымын жария түрде өзгерткен жағдайда алып тастай алады. Ол тыйымның себебі ретінде соғысқа қатысты сын, «антиресейлік мәлімдемелер» және көші-қон мен салық заңнамасын жүйелі бұзу аталғанын жеткізген.

8 ақпанда Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынуына алғаш рет пікір білдіріп, жағдайды жария талқыламайтынын, бұл іспен заңгерлер айналысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол шығармашылық жолын Екатеринбургте бастап, кейін Мәскеуде жалғастырғанын айтып, Ресейге көрермен қолдауы үшін алғыс білдірді және журналистер мен блогерлерді отбасының жеке өміріне араласпауға шақырған.

Жағдайға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де түсініктеме берді. Министрдің орынбасары ӘлІбек БаҚаевтың сөзінше, Сабуров - Қазақстан азаматы, ал Ресей қабылдаған шешім сол елдің ішкі заңнамасымен реттеледі. Мұндай тыйымдар сирек құбылыс емес және қажет болған жағдайда азаматтар адвокат жалдап, шешімді сот тәртібімен дауласа алады.

Сондай-ақ Сабуровтың Ресейдегі мүлкіне қатысты мәселелер де сол елдің заңнамасына сәйкес, соттар мен уәкілетті органдар арқылы шешілетіні атап өтілді.

Комментарии