Бибісара Асаубаева табысы жоғары ТОП-10 шахматшының қатарына кірді

151
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3zDun3b36zTHJ9tFFogpsWmjkf3eIoGU3Fcrq72n.jpg

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева әлемдегі ең көп сыйақы алған шахматшы қыз-келіншектердің қатарына енді. Форбес басылымы әзірлеген рейтингке сәйкес, ол үздік ондықта жетінші орынға жайғасты, деп хабарлайды "Адырна".

Рейтинг авторлары әйелдер шахматындағы табыс деңгейі әлі де ерлермен салыстырғанда төмен екенін атап өткен. Соған қарамастан, 21 жастағы Бибісара бір жыл ішінде 110 мың доллардан астам табыс тапқан.

Бибісара блиц шахматынан әлем чемпионатын қайта жеңіп алып, "Үлкен Швейцария" турнирінде үшінші орынға ие болған. Сондай-ақ ол фристайл-турға қатысқан алғашқы әйел шахматшы ретінде тарихта қалды. Бұл нәтижелер жылдық сыйақының өсуіне тікелей әсер еткен.

Рейтингтің бірінші сатысында Қытай өкілі Цзюй Вэньцзюнь тұр – оның жылдық сыйақысы шамамен 382 мың доллар. Ал үздік ондықты үндістандық Дивья Дешмукх 87 мың доллар көрсеткішімен түйіндеді.

Комментарии