Медициналық тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты

215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LuVTVeQDXAngMmTaDap3Yc4F9t7EzBO0STM0UB0K.webp

Ливияның оңтүстік-шығысында медициналық тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәліметтерге сәйкес, апат Куфра қаласына жақын орналасқан Аль-Сарра әскери базасы маңында болған. Тікұшақ жол-көлік оқиғасына байланысты медициналық эвакуация тапсырмасынан қайтып келе жатқан кезде құлаған.

Қаза тапқандар арасында екі әскери қызметкер, бір медицина қызметкері және экипаждың екі мүшесі бар екені айтылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау немесе қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік өкілдері жақын арада ресми мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

Комментарии