Тағы да жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды

175
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CayutU7J9a6Larpk443uxsHhxUzmrJTFTpDJdGA9.webp

Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина жаңа Конституция қабылдау мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, Конституция жобасында Құрылтайды ішкі ұйымдастыруға, оның комитеттері мен комиссияларының қызметіне ерекше мән берілген.

«Конституция жобасында Құрылтайды іштен ұйымдастыруға, оның ішінде ондағы комитеттер мен комиссиялардың қызметіне айрықша мән берілген. Олардың функциясын Конституция деңгейіне шығару Парламент жүйесін бекемдеуде маңызды қадам болады. Құрылтайдың комитеттері мен комиссиялары заңдарды әзірлеп, пысықтауда, сарапшылық қорытынды шығаруда, парламенттік бақылауда негізгі рөл ойнайды. Олардың мәртебесі мен өкілетін Конституцияда айқын бекіту заң шығары процесін ашық әрі сапалы етеді. Парламенттің бір палаталы болып өзгеруіне байланысты Комиссиялардың өкілеті де өзгертіледі. 59-баптың 1-тармағы бойынша, Құрылтай тұрақты комитеттерді құрады. Олардың саны Конституциялық заң мен комиссиялар арқылы айқындалады. 52-баптың 4-тармағында Құрылтайдың қызметін ұйымдастыру, ондағы депутаттардың құқықтық мәртебесі Конституциялық заңмен айқындалатыны белгіленген», – деді Перепечина.

Сондай-ақ, ол жаңа Конституция жобасын қолдау арқылы халықтың Ата заңға деген қызығушылығын ескере отырып, оны жалпыхалықтық дауысқа шығару маңызды екенін атап өтті.

"Жаңа Конституцияның жобасы өкілдік билікті күшейтіп, азаматтардың сенімін арттыруға, кемел парламенттік мәдениет қалыптастыруға бағытталған. Азаматтарымыздың Ата заң жобасына деген белсенді қызығушылығын ескере отырып, Конституция қабылдау мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысқа қолдау білдіргім келеді. Бұл процедура халық егемендігі қағидатына сәйкес келеді және қабылданатын шешімнің айрықша маңыздылығын көрсетеді. Бұл Конституция жобасын қолдау арқылы біз оның іске асырылатынына және елдегі парламенттік жүйенің әрі қарай да дамитынына жауапкершілік арқалауға дайын екенімізді растаймыз", – деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublika» партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияның жобасын референдумға шығаруды ұсынған еді.

Комментарии