Қытайда туып-өскен қазақ спортшысы қысқы олимпиадаға қатысады

136
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ERabRsguGCZ53IhBWGIFK8Dakse3rNbt4p7X3EYm.jpg

Қытайда туып-өскен ұлты қазақ спортшы Ақнар Адақ Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарына қатысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Қазақ қызы Милан олимпиадасында әйелдер арасында командалық конькимен жүгіру жарысында бақ сынайды.

Конькиші Ақнар Адақ Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген. Ол бірнеше мәрте Қытай чемпионы атанған, қысқы Азия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстардың жеңімпазы болып табылады. Сонымен қатар, Ақнар Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиадасында Қытай құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Комментарии