АҚШ пен Иран ядролық келіссөздерді жалғастырады

147
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ пен Иран ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздерді жалғастырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

Оның айтуынша, келіссөздің алғашқы раунды «өте жақсы» деңгейде өтті.

Келіссөздер жанама форматта Маскат қаласында өтті. Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи тараптар тек ядролық мәселені және санкцияларды алып тастау тақырыбын талқылағанын айтты.

Сонымен қатар Дональд Трамп Иранмен сауда жасайтын елдерге қарсы кедендік баж салығын енгізуге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Баж салығы 25 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Келіссөздер демалыстан кейін қайта жалғасады.

Комментарии