Журналистер жеңісі. ҚазТАГ пен Беков арасындағы сот аяқталды

230
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігі Freedom Finance-тің бұрынғы топ-менеджері Темерлан Бековтың талап арызы бойынша сотта толық жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы агенттікке сілтеп.

Сот шешімі бойынша Беков Темерлан Әділұлының ҚазТАГ-қа қарсы арызы қанағаттандырылмай, жарияланған материалдардың шындыққа жанаспайтыны және жеке тұлғаға зиян келтіретіні туралы талаптар қабылданбады. Сондай-ақ, сот Бековтан ҚазТАГ пайдасына өкілдік шығын ретінде 20 мың теңге өндірілсін деп шешті.

Адвокат Рена Керимова сот шешіміне қатысты пікір білдірді.

«ҚазТАГ адвокаттары өкілдердің шығындары ретінде 20 мың теңгеден бас тартуды қарастырады. Апелляциялық сотқа шағымданамыз», – деп жазды.

Еске салсақ, Беков ҚазТАГ-қа Freedom Finance-тің тағы бір топ-менеджері қылмыстық істің айыпталушысы атанды деген мақаланың жариялануына байланысты шағым түсірген еді. Сотта ҚазТАГ мүддесін адвокаттар Рена Керимова, Елена Жигаленок және заңгер Ника Пасечникова қорғады.

Комментарии