Араб теңізіндегі оқиға. АҚШ күштері ирандық "Шәхидті" атып құлатты

496
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W4Dn8nUbISYS4VNdI0cysxa2EJHWbqlyNAUvm5uy.webp

АҚШ ирандық «Шәхид» ұшқышсыз ұшу аппаратының көзін жойды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«АҚШ Орталық қолбасшылығы ирандық дронды атып түсіру туралы шешім қабылдады. Ол ұшқышсыз болған және біздің Abraham Lincoln атты әуе тасымалдаушы кемемізге қатысты агрессивті әрекет танытты», — деді Левитт Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Вашингтонда америкалық әскери күштердің бұл әрекеті флоттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан қажет әрі толықтай негізделген шешім деп бағаланды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран бағытында жіберілген әскери-теңіз күштері тобы жақын арада аймаққа жететінін мәлімдеген болатын.

25 қаңтарда Израильдің «13-арнасы» АҚШ-тың Abraham Lincoln әуе тасымалдаушы кемесінің Таяу Шығысқа, Араб теңізі, Оман жағалауына келгені туралы хабарлаған еді.

Tasnim басылымының жазуынша, АҚШ пен Иран жақын уақытта келіссөздерді бастауы мүмкін. Келіссөздерге Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың қатысуы ықтимал.

Комментарии