Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сапар аясында мемлекет басшысы премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.
Новости по теме