7 трлн теңгенің жыры. Банктер арқылы жасалған ірі аударымдарға қатысты тексеріс басталды

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sBKyhMcXUKPFi2AmHzlSTVOeUi5u4R0gwLwzaKzx.png

Қазақстанның реттеуші органдары банктер арқылы жүзеге асқан аударымдарды тексере бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Трансшекаралық қаржы аударымдарына қатысты тексеріс Президенттің триллиондаған теңгенің елден шығарылғаны туралы мәлімдемелерінен кейін басталған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, аталған мәселелерді қарау үшін бірқатар банктің трансшекаралық операциялары белгіленген тәртіппен тексерілуде. Тексеріске қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржылық мониторинг агенттігі қатысып жатыр.

Комментарии