Ішінде адам болған. Лифт сегізінші қабаттан құлады

99
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jwaeaxwhqo7xCCC2EahAWFoDyKGXHCNOO5vDJQBb.webp

Шымкент қаласында тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт сегізінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК-ға сілтеп.

Лифт ішінде болған бойжеткен ауыр жарақат алды.

Оқиға жаңа тұрғын үйлердің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, лифт сегізінші қабатқа көтерілген сәтте кенеттен төмен қарай құлаған. Сол кезде адамдар айқайлаған дауыс пен әйнектің сынғанын естіген. Біраз уақыттан кейін лифт кабинасы қайтадан жетінші қабат деңгейіне көтерілген. Осы сәтте ішіндегі қыз сыртқа шығарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылған.

Тұрғын үй кешенінің күзетшісінің айтуынша, лифттің құлауы тұрғындар арасында үлкен абыр-сабыр туғызған.

Белгілі болғандай, бұл тұрғын үй кешенінде лифтке қатысты төтенше жағдай екінші рет тіркеліп отыр.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Комментарии