Селфи жасамақ болған. Қар барысы шаңғышыға шабуыл жасады

710
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/H876eMFvocSaYQlixekiwmVUCL191Xf0ehDQ9crz.jpg

Қытайдың солтүстігінде қар барысы шаңғышы әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік геопаркі саналатын Кекетуохай аумағына кіретін Талат ауылы маңында болған.

Daily Mail мәліметінше, әйел шаңғымен сырғанап жүрген. Қонақүйге қайтып бара жатқан жолда ол қар үстінде жатқан қар барысын байқаған. Билік өкілдері бұл аумақта қар барысы көрінгенін алдын ала ескертіп, оның кез келген сәтте шабуыл жасауы мүмкін жабайы аң екенін ерекше атап өткен. Алайда бұл ескерту селфи жасауды ұнататын әйелді тоқтатпаған. Куәгерлердің айтуынша, ол қар барысына жүгіріп барып, суретке қолайлы ракурсты таңдауға тырысқан сәтте жыртқыш шабуыл жасаған.

Жануар әйелге тап беріп, оның бетін тырнаған. Кейін шаңғы нұсқаушысы таяқтарын сермеп, жыртқышты үркітіп, қуып жіберген.

Қазіргі таңда әйел жергілікті ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Жергілікті билік соңғы күндері геопарк аумағында қар барыстарының жиі байқалғанын ескертті. Қорық әкімшілігі қар барыстарының жыртқыш әрі агрессияға бейім аңдар екенін айтып, оларға жақындауға және арандатуға қатаң түрде болмайтынын жеткізді.

Snow Leopard Trust ұйымының мәліметінше, әлемдегі жабайы қар барыстарының ең көп саны Қытайда мекендейді. Ел аумағында қар барыстарының дүниежүзілік популяциясының шамамен 60 пайызы бар.

 

Комментарии