Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жағдайындағы билікті беру тәртібі талқыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Конституцияның 48-бабына сәйкес, Президент қызметінен мерзімінен бұрын кеткен жағдайда оның өкілеттіктері қалған мерзімге Сенат төрағасына өтеді. Егер Сенат төрағасы бұл өкілеттіктерді қабылдай алмаса, олар Мәжіліс төрағасына, одан кейін премьер-министрге беріледі.
Комиссия отырысында бұл тәртіпті өзгерту ұсынылды.
Атап айтқанда, Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оны бірінші кезекте вице-президентке беру көзделіп отыр. Егер вице-президент өкілеттіктерді қабылдай алмаса, олар Құрылтай төрағасына беріледі. Ал Құрылтай төрағасы да бұл міндетті атқара алмаған жағдайда, өкілеттіктер премьер-министрге өтеді.
На данный момент все проектные работы успешно завершены, и получены необходимые согласования от исполнительных органов и заинтересованных организаций