Трамп Тоқаевты Газадағы Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге шақырды

261
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0s480PK4VZWthDwQJEbfw99mMAtIWt2DwPPo5e7x.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үй басшысы Дональд Трамптан Газадағы Бейбітшілік кеңесіне қосылуға ресми шақыру алды. Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сонымен қатар елімізге бұл кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылған.

«Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентіне шынайы алғыс білдіріп, хат жолдады және бұл жаңа бірлестікке қосылуға келісімін растады. Ол Қазақстанның Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнатуға, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылыққа өз үлесін қосуға дайын екенін атап өтті», – деді Желдібай.

Айта кетейік, АҚШ-тың бейбітшілік жоспары 2025 жылғы қазанда күшіне енген еді. Бірінші кезеңде ХАМАС пен Израиль атысты тоқтату, кепілдер мен тұтқындарды айырбастау, гуманитарлық көмек көлемін арттыруға келіскен.

Бейбітшілік кеңесінің құрамына АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткофф, Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр, америкалық миллиардер Марк Роуэн, Дүниежүзілік банк басшысы Аджай Банга, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің орынбасары Роберт Габриэль кірген.

Комментарии