2026 жылы БТЖ құбыры арқылы қазақстандық мұнай экспорты 1,6 млн тоннаға дейін ұлғаяды

125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cRHCVqMzl05OzMF8guesd9XEdTBVCtIA7fhBds7c.webp

2026 жылы Баку – Тбилиси – Жейхан (БТЖ) мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай жеткізу көлемін 1,6 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан аталған бағыт арқылы 1,3 млн тонна мұнай экспорттаған.

Қазақстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы БТЖ құбырымен шамамен 1,4 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданған.

Комментарии