Адвокат Мұрат Адам лицензиясынан айырылды

115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tUaWkYkfqNYAtw9IlxxyyMAiMepn3YlJ7oifiyFE.jpg

Бостандық ауданы соты Orda басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы қорғап жүрген адвокат Мұрат Адамды адвокатты лицензиясынан айырды, деп хабарлайды "Адырна". 

Адвокатқа қатысты Ішкі істер министрлігінің ұсынысы негізінде Әділет министрлігі сотқа талап арыз түсірген. Мұрат Адам бұл талап арызды 5 қаңтарда алған. 

Құжатта Бажкенованы қорғау барысында адвокат «кәсіби міндетін атқару кезінде заң талаптарын бірнеше рет бұзғаны» көрсетілген.

Мұрат Адам бұл шешіммен келіспейтінін айтты. Адвокат сотта да министрліктің таққан айыбын жоққа шығарып, сотта дәлел ұсынғанын айтады. 

«Апелляциялық шағым түсіреміз», - дейді адвокат

Қазақстанда жүзден аса адвокат Мұрат Адамға араша түсіп, мәлімдеме жасаған еді.

 

Комментарии