Иран әуе кеңістігін қайта ашты. Бұл туралы елдің азаматтық авиация ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Иран аспаны транзиттік рейстерге, келіп-кететін рейстерге ашық. Әуежайлар жолаушыларға қызмет көрсетуде»,- делінген хабарламада.
Бейсенбіге қараған түні Flightradar24 сервисі Иран билігі елдің үстіндегі әуе кеңістігін шамамен екі сағатқа жауып, АҚШ тарапынан мүмкін соққыларға дайындық ретінде тек арнайы рұқсаты бар халықаралық рейстерді қабылдағанын хабарлаған еді.
Новости по теме