Тәртіпсіздіктерді сыртқы күштер арандатуда – Пезешкиан

197
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NlTcmbccybK9zXO5cYdYWUUVzXYAJG57ltolWZun.webp

Иран үкіметі заңды наразылықтар мен тәртіпсіздіктерді ажыратып қарайды және қажетті реформаларды жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Report агенттігі Al Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Президент Масуд Пезешкиан халыққа жасаған телеүндеуінде биліктің азаматтардың талабын тыңдауға және экономикалық реформаларды жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Оның сөзінше, наразылық білдірушілер экономикалық жағдайдың нашарлауына алаңдаулы, бірақ қылмыстық әрекеттерге бармайды. Ал елдегі тәртіпсіздіктерді АҚШ пен Израиль арандатуда деп айыптады.

Сонымен қатар, президент жастарды бүлікшілер мен террористік топтардан аулақ болуға шақырып, қоғамда тұрақтылықты сақтаудың маңызын атап өтті.

Айта кетсек,  Ирандағы наразылық акциялары 14 күннен бері жалғасып келеді. Қаза тапқандар саны 116 адамға жеткен. Олардың арасында арасында қауіпсіздік күштерінің 37 қызметкері, төрт медицина қызметкері және бір прокурор бар. Сонымен қатар 2 600-ден астам адам түрлі жарақат алған, ал ұсталғандардың жалпы саны 2 638 адамнан асқан.

Сондай-ақ, бұған дейін Иранның қазақтар тұратын аймағы Голестан провинциясында тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың бірқатары ұсталғанын хабарладық.

Комментарии