Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Адырна".
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында орналастырылған іздестіру ақпаратына сәйкес, Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам – Сәрсемәлиев Сұлтан Самиғоллаұлы, 1996 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
Іздестіру ісі 2026 жылғы 8 қаңтарда Атырау облысы бойынша тіркелген. Іздеуді бастаған – ҚР Ішкі істер министрлігі, ал тікелей іздестіруді Атырау облысының полиция департаменті жүргізуде.
Бұған дейін 2025 жылы Жангелдин ауылынан бір отбасының белгісіз жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді. 2026 жылғы 6 қаңтарда Атырау облысынан жоғалған отбасының екі мүшесінің – Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Үтешқалиеваның мәйіттері табылғаны белгілі болды. Тергеу барысында іске қатысы бар күдіктілер анықталған.
7 қаңтар күні құқық қорғау органдары қылмыс жасады деген күдік 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиевке түскенін хабарлады. Ал 8 қаңтарда оған ресми түрде іздеу жарияланды.
Пожар в резервате «Акжайык»: предпринимаются системные меры по ликвидации последствий и предупреждению новых возгораний