Венесуэламен байланысты. АҚШ Ресей туымен жүрген мұнай танкерін басып алды

427
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TfjADZOO0DGbAMhfBX2ypzuxBRZQhMxftuHY69Yl.webp

АҚШ Венесуэламен байланысты Marinera мұнай танкерін басып алғанын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атлант мұхиты арқылы екі аптадан астам уақытқа созылған қудалаудан кейін кеме атауын өзгертіп, Ресей туын көтерген. Ресей тарапы АҚШ-тың бұл әрекеттері БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының нормаларына қайшы екенін мәлімдеді.

АҚШ Қарулы күштерінің Еуропалық қолбасшылығы таратқан мәліметке сәйкес, бастапқыда Bella 1 деп аталған танкер Солтүстік Атлантикада АҚШ федералдық соты берген ордернегізінде ұсталған. Кемені АҚШ жағалау күзетінің USCGC Munro кемесі бақылап отырған.

«Бұл басып алу АҚШ президентінің америкалық санкцияларға ілінген әрі Батыс жартышардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіретін кемелерге қарсы бағытталған өкімі аясында жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Сәрсенбі күні бірқатар БАҚ, соның ішінде Reuters, CBS пен CNN АҚШ-тың Ресей туымен жүрген Marinera танкерін басып алуға кіріскені туралы хабарлаған.

Гайана туын Ресей туына ауыстырған танкер Венесуэлаға қысым көрсету науқаны басталғаннан кейін АҚШ жағалау күзеті тоқтатуға тырысқан кемелердің бірі саналады.

Комментарии