Қазақ қызы Оксфорд университетінің оқытушылар құрамына енді

878
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Mo7xDC7TgLbKUUqBc2vpWm4IciF4O6Gvo8ZJoEu3.jpg

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова Оксфорд университетінің оқытушылар құрамына кірді. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Меруерт 2019 жылы мектепті тәмамдап, кейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде білім алған. Сол жерде студенттік қауымдастықта белсенді болып, студенттік ассамблеяның президенті қызметін атқарған. Ал 2025 жылы Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданған.

Жас ғалымның айтуынша, Teaching Fellow лауазымына тағайындалуы - оның жүйелі еңбегінің жоғары бағалануы әрі университет тарапынан көрсетілген сенімнің көрінісі. Енді ол өз ғылыми зерттеулерін жалғастырып қана қоймай, Оксфорд университетінің оқытушылар құрамында дәріс оқып, білім мен ғылым саласындағы тәжірибесін жастарға ұсынады.

Комментарии