Трамп Венесуэланың АҚШ-қа 50 млн баррельге дейін мұнай беретінін  айтты

986
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FTkUtZo9NB9gqIhJGKFOjDVlHIH8kn8El2F56N0v.webp

Венесуэланың уақытша билігі АҚШ-қа 30–50 миллион баррель мұнай береді. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Венесуэланың уақытша билігі Америка Құрама Штаттарына 30–50 миллион баррель жоғары сапалы, санкцияланған мұнайды беретінін қуана хабарлаймын»,- деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Трамптың айтуынша, мұнай нарықтық бағамен сатылады, ал түскен қаражатты өзі бақылап, оны Венесуэла мен АҚШ халықтарының игілігіне пайдалануға кепілдік береді.

«Мен энергетика министрі Крис Райтқа бұл жоспарды дереу жүзеге асыруды тапсырдым. Мұнай кемелермен жеткізіліп, тікелей ел аумағында түсіріледі», — деп қосты АҚШ басшысы.

Айта кетейік,Венесуэла әлемдегі ең ірі мұнай қорына (шамамен 17% - ред.) ие ел саналады. Алайда басқарудың тиімсіздігі және санкциялар салдарынан бұл ел бүгінде әлемдік мұнай өндірісінің 1 пайызынан азын ғана өндіреді.

Комментарии