Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

86
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/umGYg7TR8sngV8OTsUKRi1cXcqAMYDwiY9C4UgA9.jpg

2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына қатысы бар Ресей азаматы Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2022 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді түрде қатысқан. Ол адамдарды ұрлап, тонаумен айналысқан деген күдікке ілінген.

Аталған азамат үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған. 2025 жылдың қыркүйегінде Грузия аумағында ұсталып, ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстан Республикасына экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында (СИЗО) қамауда отыр. Күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан аайырылуы мүмкін.

 

Комментарии