Назарбаев пен Путин тағы да кездесті

90
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iQ5wyfYuJF3rbJ9RclXv05MCWDIC73NLxvYoeg2R.webp

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Саяси тұлғалардың кезекті басқосуы Мәскеудегі Кремль сарайында өтті, деп хабарлайды “Адырна”.

Ресей басшысының баспасөз қызметі жариялаған бейнежазбада қос саясаткердің дөңгелек үстел басында жайғасқаны көрсетілген. Ресми хабарламада кездесудің нақты күн тәртібі мен талқыланған мәселелер туралы кеңінен ақпарат берілмеген. Хабарламада тек жүздескені жайлы жазылған.

“Мұндай дастарқан басындағы кездесу – үлкен сенім мен өте жақсы қарым-қатынастың белгісі. Бұған дейін мұндай құрметке ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко ие болған”,  – деп жазды ТАСС.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кеткен соң жыл сайын бір-екі мәрте Владимир Путинге тұрақты түрде барып тұрады. Олардың соңғы кездесуі 2025 жылғы 29 мамырда өткен.

 

 

Комментарии