Тағы бірі ірі шенеунік қызметтен босады

506
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tmc0WJ3kWVH8qLagEFlRDzXy0MppwJXOuoopoZrI.jpg

Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін, 24 желтоқсанда Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды»,- делінген хабарламада.

Серік Борамбаев бұл қызметке 2025 жылдың тамыз айында тағайындалған. Бұл қызметке келгенге дейін ол Қазақстанның Әскери-теңіз күштерін басқарған.

Еске салайық, бүгін Рустам Баялиевтің Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылғанын жазған едік. 

 

 

Комментарии