Президент жас ақын-жазушыларды арнаулы әдеби сыйлықпен марапаттады

395
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/S2WHYAUeMhXdVHEzQT7YwdHAoCXNJf7EkGu0nP60.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бүгін, 24 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

«Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Әлменбетке;

«Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Есжановқа;

«Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Мұстафиевке;

«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін Асылан Тілегеновке берілді.

Комментарии