ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды

124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9pDqpreKuehcBnqkplHA0PPycApugTugSB9LTxds.webp

Астанада ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы агенттіктің өзі мәлімдеді.

Агенттіктің бас директоры Әсет Матаев Telegram-арнасында Қасеновтің сағат 19:00-де Есіл аудандық полиция бөліміне шақырылғаннан кейін ұсталғанын жазып, әрекетті құқық қорғау органдары мен Freedom Finance өкілдерінің заңсыз ықпалы деп атады. Ол Қазақстанда әділдік болса, барлық айыптар алынып, Қасенов бостандыққа шығуы тиіс екенін атап өтті.

Адвокат Рена Керимованың сөзінше, Қасеновке тағылған айып Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігі бойынша (орташа ауырлықтағы қылмыс) және бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Адвокат оның ұсталуын шамадан тыс қатаң шара деп бағалап, бұл әрекеттің құқық қорғау органдарының психологиялық қысым көрсету және заңсыз тергеу әдістерін қолданғанының көрінісі деп санайды.

Еске сала кетейік, өткен аптада ҚазТАГ басшылары Астанада Freedom Finance компаниясына қатысты баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Сол жиында салымшылар компанияға қатысты шағымдарын жеткізген.

Комментарии