Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 22 желтоқсанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".
"Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті. Сол сапар барысында қонақжайлық танытқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарға ерекше мән беретінін де баса атап өтті.
"Біз Қазақстан мен Ресей азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерде бірге әрекет етуіміз қажет. Ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға бағытталған ортақ жұмысымыз қос халықтың түпкі мүддесіне сай келеді", – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Владимир Путин кешеден бері біраз жұмыс атқарғандарын баса атап өтті.
Лидия Пархомчик: Казахстан и Франция переходят от партнерских отношений на уровень стратегического взаимодействия