22 желтоқсан күні түнде Алматы қаласында жер сілкінді. Бұл туралы ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Төтенше жағдай сағат 02:16-да Қытай аумағында тіркелген. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болған.
Сейсмологтардың айтуынша, дүмпу ошағынан шамамен 270 шақырым жерде орналасқан Алматы қаласында қуаты 2 балл болатын жер сілкінісі сезілген.
Еске салайық, соңғы рет 4 желтоқсанда сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінген еді.
Новости по теме