Шымкентте 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған. Бұл туралы «Отырар» сайты жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Ақпаратқа сәйкес, , кітапқұмар бала бірнеше тілді еркін меңгерген екен.
«Әлтайыр бес жасынан бастап кітапқа қызыққан. Оқушы ағылшын тілін жетік біледі, халықаралық тіл конкурстарына қатысқан. Қазір француз, неміс және түрік тілдерін үйреніп жүр», - деп жазады сайт.
Бала қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі кітаптарды еркін оқиды.
Новости по теме