Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме және 14 үкіметаралық әрі ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттар топтамасын бекітті. Мемлекет басшысы жапон тарапына қазақстандық делегацияны жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, бұл сапар Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынаста маңызды белес екенін атап өтті.
Президент Тоқаев Жапонияны Азиядағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктес ретінде сипаттап, елдің көпғасырлық дәстүрі мен заманауи инновацияны үйлестіре білгенін айтты. Сондай-ақ 2004 жылы бастамашы болған «Орталық Азия + Жапония» форматының маңызын еске салып, Жапонияның осы форматтың алғашқы авторы екенін атап өтті.
Өз кезегінде Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи Қазақстан Президентінің ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін мәлімдеді. Ол Қазақстанды еркін әрі ашық халықаралық тәртіпті нығайтудағы стратегиялық серіктес ретінде бағалап, өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.
Санаэ Такаичи - 2025 жылдың қазан айында премьерлікке келген саясаткер.
Глава государства в трудную минуту уделил большое внимание образовательной сфере страны-депутат Жулдыз Сулейменова