Бостандықты жел ұшырды. Әйгілі ескерткіштің көшірмесі құлады

244
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mV75bEFkAcDY2UafViOs8M6eK4EXiWfTwr1xBh29.webp

Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Гуаиба муниципалитетінде күшті дауыл салдарынан Бостандық мүсінінің көшірмесі құлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәліметке сәйкес, мүсін Гуаибада орналасқан Havan дүкенінің алдында тұрған. Жел екпіні сағатына 90 шақырымға дейін жеткен дауыл кезінде ескерткіш тұғырынан опырылып түскен.

Биіктігі тұғырын қоса есептегенде 35 метр болатын мүсіннің 24 метрлік бөлігі құлаған. Нәтижесінде нысан айтарлықтай зақымданған.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қауіпсіздік мақсатында аумақ қоршауға алынды.

Комментарии