Кәсіпкер Илон Маск әлемде байлығы 600 млрд доллардан асқан алғашқы адам атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Forbes журналында ақпарат тарады.
Илон Маск капиталының күрт өсуі оның ғарыш саласындағы SpaceX компаниясының нарықтық құнының қайта бағалануымен байланысты. Тендерлік ұсыныс іске қосылғаннан кейін компанияның құны тамыз айындағы 400 млрд доллардан желтоқсанда 800 млрд долларға дейін артқан.
Осы өзгерістерден кейін SpaceX акцияларының 42 пайызына иелік ететін Илон Масктың жеке байлығы 168 млрд долларға өсіп, жалпы көлемі 677 млрд долларға жеткен.
Forbes сарапшыларының айтуынша, бұл сома көлемі жағынан Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері мен Австрияның жылдық жалпы ішкі өніміне (ЖІӨ) тең келеді және Швецияның ЖІӨ-не жақын.