Еуропа, қарашы! Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының рейтингінде көш бастады

202
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/N6psQKhD9VhEALjfsVMteT0Y01oal3Dt1LU0kDuC.jpg

Алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков рейтингте көш бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Sofascore статистикалық порталының нұсқасы бойынша UEFA Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы үздік ойыншылар қатарына кіріп, рейтингте бірінші орынға шыққан.

Қазіргі таңда Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан футболшылар арасында небәрі төрт ойыншы ғана 8.00 және одан жоғары балл жинай алған. Сол төрттіктің көшін қазақстандық қақпашы Анарбеков бастап тұр.

Sofascore рейтингі бойынша:

  • Темірлан Анарбеков («Қайрат») — 8.90 балл

  • Килиан Мбаппе («Реал Мадрид») — 8.34

  • Виктор Осимхен («Галатасарай») — 8.33

  • Никита Хайкин («Будё-Глимт») — 8.10

Астанада өткен «Қайрат» пен «Олимпиакос» командалары арасындағы ойында Темірлан Анарбеков UEFA тарапынан кездесудің үздік ойыншысы (MVP) атағын иеленді. Қақпашының сол ойындағы көрсеткіші 9,2 балл болып бағаланды. Матч барысында ол 8 қауіпті соққыны қайтарды.

Темірлан Анарбеков — Қазақстан атынан Чемпиондар лигасының MVP атағын алған алғашқы футболшы.

Сонымен қатар UEFA қазақстандық қақпашының екі сейвін жеке атап өтіп, оларды Чемпиондар лигасының алғашқы күнінде өткен тоғыз кездесудегі үздік сейвтер қатарына енгізді.

Комментарии