Оқушылардың 7 жасар баланың тілін кесіп алмақ болғаны айтылды

721
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ld09VKNAA36elmL81LBax0BKPMS3DqMgTLVhCjev.jpg

Павлодарда мектеп оқушылары көшеде келе жатқан жеті жастағы балаға шабуылдап, тілін кесіп алмақ болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Зардап шеккен баланың анасы оқиғаның 9 желтоқсан күні Айманов көшесіндегі №50 үйдің жанында болғанын мәлімдеді.

«Жерге құлатып, басынан, денесінен тепкен. Балалардың біреуі оның тілін қайшымен кесуде әрекеттенген. Алайда балам қашып үлгерген»,-деді ол.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, мектеп оқушысы Павлодар облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.

Павлодар облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша «Кәмелетке толмағанға қасақана жеңіл дене жарақатын салу» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтау және ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. Қылмыстық іс аясында олардың заңды өкілдерінің әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың әрекеті олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралып, есепке қою мәселесі шешілетін болады», – деп мәлімдеді полиция.

Комментарии