Су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Үкімет басшысы облыс әкімдеріне 2026 жылғы вегетациялық маусымға дайындық аясында коммуналдық меншіктегі гидротехникалық нысандар мен ирригациялық каналдарға жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Негізгі міндет – суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқарту және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру жөнінде тиісті кесте бекітті. Барлық жұмыстар осы кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Егер бір шаруашылық бекітілген көрсеткіштен асып, тіпті 1 гектар артық егіс ексе, оған бір тамшы да су берілмейді. Мұндай жағдайда келген шығын бюджет есебінен өтелмейді. Бұл талапты халыққа ашық және нақты жеткізу қажет», – деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ премьер-министр су ресурстары және ирригация министрлігіне бекітілген лимиттен тыс су беру жағдайларына жол бермеуді тапсырды.
Исполнение поручений Президента. Вице-премьер Ермек Кошербаев ознакомился с туристической инфраструктурой Капшагайского водохранилища