Мәжіліс өкілдері Мәскеуде не істеп жүр?

128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JxMQL34RZonta0K4UnZDW0V5DF28p0v9qPGvW4YP.jpg

Мәжіліс делегациясы Мәскеуде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі палатааралық парламенттік комиссияның XII отырысына қатысты.

Мәжілістің вице-спикері Альберт Рау мен Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Александр Жуковтың төрағалығымен өткен Палатааралық комиссияның отырысы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындыларын талқылаудан басталды.

– Ресей – біздің сенімді одақтасымыз, стратегиялық әріптесіміз және тату көршіміз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жуырда Ресейге жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағыбайланыс жоғары деңгейдегі өзара сенім мен құрметке негізделгенін көрсетті. Осы жағдайда үкіметтер, аймақтар және біз – депутаттармемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруымыз қажет. Соның ішінде бұл келісімдерге уақтылы заңнамалыққолдау көрсету маңызды, – деді Альберт Рау.  

Мәжіліс вице-спикері парламенттер арасындағы өзара іс-әрекеттің Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтық қатынастардың маңызды бағыттарының бірі әрі ажырамас бөлігі екенін ерекше атап өтті. Депутаттар арасындағы кездесулердің жүйелі сипаты мен жоғары деңгейдегі диалог екі ел арасындағы ең өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Альберт Рау екіжақты тауар айналымының жыл сайын тұрақты түрде өсуі оны жақын арада 30 миллиард долларға жеткізу мақсатын толық іске асыруға мүмкіндік беретініне назар аударды. Сол үшін екі ел үкіметтері арасында 2026-2030 жылдарға арналған Кешенді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы әзірленген. Өз кезегінде депутаттар жоспарланған барлық іс-шараны уақтылы әрітолыққанды орындалуын қадағалауға тиіс.

Мәжіліс вице-спикері атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперация аясында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында жаңа өндірістік тізбектер мен жұмыс орындарын құратын кең ауқымды бірлескен жобалар пакеті қалыптасқан. Барлығы 65 мыңға жуық жұмыс орны ашылатын, 50 млрд доллардан асатын 170-тен астам жоба іске асырылуда. Бұл – екіел арасындағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді серіктестіктің нақты көрсеткіші. Қазақстан мен Ресей экономикасының әлеуеті өзара ынтымақтастықты арттыратын резервтерге ие, ол жаңа бастамалар үшін үнемі өзара іс-әрекеттің жаңа бағыттарын іздеуді қажет етеді.

Отырыс барысында депутаттар логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақтыталқылады.

Бұл орайда депутат Болатбек Нажметдинұлы көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыс перспективаларына, соның ішінде «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі жол картасын іске асыруға ерекше тоқталды.

– Ресей – Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Бандар-Аббас порттары мен Парсы шығанағы арасында толыққанды құрлық байланысын іске қосудың біз үшін стратегиялық маңызы бар. Бейнеуден Түрікменстанға дейінгі бағыт қазір жұмыс істеп тұр. Ал біз Ресейдің осы теміржол дәлізіне қосылуын күтеміз. Бұл жоба ТаяуШығысқа, Үндістанға және Африкаға дейінгі логистикалық жолды қысқартуға жол ашып, Еуразияның негізгі құрлық жолына айналуы мүмкін, – деді депутат баяндамасында.

Ресей тарапынан жаңа стандарттар мен техникалық талаптарды енгізу мәселесін айтқан Мәжіліс депутаты жаңа нормалардың ЕАЭО аясындағы өзара сауда процесінеқосымша кедергілер туғызбаудың маңызын атап өтті. Қазақстан парламентшілерінің ұстанымы – Еуразия кеңістігінде еркін өнім айналысын сақтау үшін барлық тарапқа тиімді барынша қолайлы жағдай жасау.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев астықты терең өңдеу бойынша бірлескен жобалар құру және ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін көтерді. Ол әсіресе, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың маңыздылығына ерекше назар аударып, бұл үшінші елдерге және кері бағытта ауыл шаруашылығы жануарлары, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің транзитін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар депутат Қазақстаннан Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға қойылған уақытша шектеулерді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынды.

Депутат Асхат Рақымжанов өз сөзінде миграциялық саясат мәселелері бойынша 1 жылда Ресей аумағында 90 күнтізбелік уақыттан артық жүруге болмайды деген талапты кей санаттағы адамдар үшінжеңілдету туралы ұсыныс білдірді. Бұл санатқастуденттер, медициналық мекемелердің пациенттері, автокөлік тасымалдаушылар, жолаушылар пойыздарының жолсеріктері және елде қызметтік, өндірістік немесе басқа да қажеттілікпен заңды түрде жүрген адамдар жатады.

Тараптар Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселелерін, атом энергетикасын дамыту саласындағы ынтымақтастықты және заңнаманы жетілдіруге қатысты шешімдер іздеуді талқылады. Жасанды интеллектіні дамытуға арналған реттеу шараларына, ЖИ қолданудағы этикалық тәсілдерге, киберқауіпсіздікке және азаматтарды алаяқтық әрекеттерден қорғауғаерекше назар аударылды.

Отырыста сондай-ақ ресейлік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметін реттеу және туризмді дамыту мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойыншаПарламентаралық кеңестің тең төрағалары Альберт Рау мен Александр Жуков талқылау барысында қол жеткізілген келісімдер нақты нәтижелерге жол ашып,  Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың барлық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Комментарии