Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі маңызды көлік-логистикалық хабқа айнала алады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия премьер-министрі Антониу Коштамен бірлескен мәлімдеме барысында айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, келіссөздердің негізгі тақырыбы — экономикалық ынтымақтастықты тереңдету.
«Бүгін біз сауда-инвестициялық байланыстарды арттыруға және әртараптандыруға уағдаластық. Қазақстан еуропалық бизнеске арналған тұрақты әрі ашық инвестициялық климат қалыптастыруды жалғастыра береді. Энергия тиімділігі, аса маңызды минералдар, цифрлық технологиялар және көлік байланысы салаларында ынтымақтастыққа зор мүмкіндік бар», — деді Тоқаев.
Президент келіссөздер кезінде көлік-логистика бағыттарын дамыту, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша бірлескен жұмысты күшейту мәселесі талқыланғанын атап өтті.
«Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы үйлестіру платформасының жұмысын және ЕО-ның Global Gateway бастамасын құптаймыз. Қазақстан Орталық Азияға арналған 12 млрд еуролық инвестициялық пакетке қолдау білдіреді. Бұл қаражат көлік, шикізат, ‘жасыл’ энергетика және цифрлық технология жобаларын дамытуға бағытталады. Бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстанды Еуразиядағы басты көлік тораптарының біріне айналдыра алатынымызға сенімдіміз», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар тараптар энергетикалық қауіпсіздік, ресурстарды тұрақты жеткізу, аса маңызды минералдар, атом энергетикасы, мұнай химиясы және жаңартылатын энергия салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның мақсаты — шикізат экспорттаумен шектелмей, еуропалық стандарттарға сай терең өңдейтін өндірістерді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығару арқылы Еуроодақтың жеткізу тізбегіне терең интеграциялану.
Глава государства в режиме телемоста принял участие в церемонии запуска подачи природного газа в город Косшы