Байқоңырдағы апатқа қарамастан спутник ғарышқа ұшырылмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, Байқоңыр ғарыш айлағында «Лавочкин» ғылыми-өндірістік бірлестігі әзірлеген «Электро-Л» №5 гидрометеорологиялық спутнигін геостационарлық орбитаға шығару бойынша дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Спутник 15 желтоқсанда «Протон-М» зымыран-тасығышы және «Энергия» корпорациясы өндірген ДМ-03 көмегімен ұшырылмақ.
Роскосмос дерегінше, алдағы мақсат - Байқоңырдан ДМ типіндегі бөлікті ұшыру.
1967 жылдан бері Д сериялы бөліктер аталған айлақтан 299 рет ғарышқа шығарылған. Желтоқсан айына жоспарланған бұл сәт - 300-ші ұшуы ретінде тіркелмек.
БАҚ дерегінше, бұдан былай «Энергия» корпорациясының аталмыш бөліктер тек Шығыс және Плесецк ғарыш айлақтарынан ғана пайдаланылады.
Еске сала кетейік, өткен аптада «Союз МС-28» пилотталатын кемесін Халықаралық ғарыш станциясына ұшырғаннан кейін Байқоңырдың №31 старт кешені зақымданғаны жөнінде ақпарат тараған еді.
Узбекский игрок "Аль-Насра" прокомментировал информацию о том, что Роналду отобрал у него седьмой номер