Ұлт рухының жыршысы, жыр жампозы Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған еске алу шараларына арналған алғашқы басқосуы Семей қаласындағы Абай кітапханасында сыр сұхбат алаңынан басталды.
Шараға ақынның жары Манат Жүкенқызы, ұлы Нұрат Несіпбекұлы, немересі Дулат және ақынның замандастары, достары, танымал тұлғалар белгілі жазушы, ф.ғ.д., абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай, композитор, дәулескер күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Секен Тұрысбеков, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Айбек Нұғымаров, ақынның жерлесі Нұрланбек Тоқтабаев, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан және ақынның көзін көрген замандастары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгіме өрбітті.

Кездесуге ақынның туған жері Аягөз ауданы, Баршатас ауылынан арнайы делегация келіп, көрнекті тұлғаның өнегелі өмірі мен шабытты шығармашылығы жайында естеліктерімен бөлісті.
Ақынның ұлы Нұрат Несіпбекұлы кітапхананың сирек қорына әкесінің қолжазбаларын табыстап, қаламгер жазбалары кітапхана қорын толықтыра түсті.

Кездесу барысында Несіпбек ақынның ізбасарлары Арман Шеризат пен Азамат Серікұлы арнайы Астана қаласынан келіп, ақынға арнау айтып, шараның сәнін аша түсті.
Іс-шара аясында ақын шығармашылығына арналған «Ұлт рухының жыршысы - Несіпбек Айтұлы» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге көрнекті тұлғаның кітаптары, басылым беттерінде жарияланған мақалалар, сондай-ақ ақынның жеке қорынан алынған кітаптар қойылды.
Рима Қанапияқызы
Союз Казахстана с Россией, о котором шумят на росТВ, – это фейк. Обычный дешевый понт в красивой обертке.