Жетісайдағы өрт. Аман қалған 7 жасар бала да қайтыс болды

522
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Nq6bFIAU9dbUaXNPfwkwFrtDf5sNsH3htLO71CMG.webp

Түркістан облысы, Жетісай ауданының Алғабас ауылында болған жойқын өрттің салдары ауыр болып жатыр. Бұған дейін 12 адамның, соның ішінде 9 баланың қаза тапқаны хабарланған еді. Бүгін тағы бір зардап шеккен 7 жастағы қыз бала ауруханада көз жұмды. Осылайша, қаза болған балалар саны 10-ға жетті, деп хабарлайды "Адырна". 

Ол Жетісайдан тікұшақпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оның денесі ауылына жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 18 қараша күні таңертең болған. Көршілердің айтуынша, отбасында алдыңғы күні шағын жиын өтіп, үйде туыстар қонақтап қалған. Таңсәріде үйді өрт шарпыған. Салдарынан 12 адам оқиға орнында қаза болған еді. 

 

 

@ztb_qazaq

Комментарии