Кремль АҚШ жоспарына іш тартатынын білдіріп, еуропалықтар ұсынысын қабылдамады

710
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Lq2K2wjEOR6c08c6nfeSfvkE50EQh9TdW3FwtBth.jpg

Кремль АҚШ ұсынған бастапқы «бейбіт жоспарды» қолайлы деп бағалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеу үшін еуропалық тарап ұсынған жоспарлар конструктивті емес екенін атап өтті. Ал АҚШ-тың бастапқы бейбіт жоспары Ресейге көбіне қолайлы болып саналады.

Ушаковтың мәлімдеуінше, Ресей тек АҚШ берген ақпаратқа сенеді, бейбіт жоспар бойынша нақты келіссөздер әлі жүргізілмеген.

Жақын арада Вашингтон Мәскеумен нақты кездесіп, жоспардың егжей-тегжейін талқылауы мүмкін.

Сондай-ақ, Украина мен АҚШ делегациялары Женевада келіссөздер өткізіп, бейбітшілікке қол жеткізуге арналған жаңа «құрылымдық құжат» әзірлегені хабарланды. Еуропалық ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, еуропалық тарап ұсынған түзетулер АҚШ жоспарының бірнеше негізгі тармағын әлсіретіп, Украинаның жағдайын жеңілдетуді көздейді.

Алайда Кремль бұл өзгерістерді конструктивті деп санамай, АҚШ-тың бастапқы жоспарына сүйеніп отыр.

Комментарии