Айтыстың аңызы 85 жасқа толды

858
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wcSN5sP3sCR5po3V4H3Ttd9G7a6yOuphJXQfHKAO.webp

Бүгін айтыскер Надежда Лушникова 85 жасқа толып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Надежда Андреевна 1940 жылы Алматы облысы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Бала кезінен қазақ тілін меңгеріп, қазақ фольклоры мен халық әндерін сүйіп оқыған ол жасынан поэзияға қызығып, алғашқы шығармаларын 1960 жылы жариялаған. Айрықша қабілеті мен өнеріне Аскар Тоқмағамбетов, Мұхтар Әуезов және Бауыржан Момышұлы сынды ірі тұлғалар назар аударып, шығармашылығын қолдаған.

1960–1980 жылдары Надежда Лушникова республикадағы ең танымал ақындардың бірі болды. Ол лирикалық шығармалары үшін 1970 жылы Лениндік комсомол сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, 27 жыл бойы педагогикалық қызмет атқарып, қазақ тілін үйретіп, жас таланттарды тәрбиеледі.
Айтыстың дәстүрлі өнерінде де елеулі із қалдырған Надежда Лушникова қазақтың ақындарымен бірге өнер сайыстарына қатысып, өз шығармашылығымен тыңдармандардың жүрегіне жол тапқан.

IMG_5119.jpeg

Комментарии